Австрияда президент сайлауы кейінге шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австрияда президент сайлауы кейінге шегерілді

Австрияда президент сайлауы кейінге шегерілді

Австрияда 2 қазанға белгіленген президент сайлау кейін өткізілетін болды. Бұл туралы елдің ішкі министрі Вольфганг Соботка жариялаған.

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 290
Фото - Caravan.kz

Сайлау мерзімін шегеруге пошта арқылы дауыс беруге арналған конверттердегі сапасыз желімі себеп болған, деп хабарлайды 24.kz.

Кемшілік салдарынан конверттердің ашылып қалуы мүмкін еді. Биыл көктемде Австрияда президент сайлауының екі кезеңі өткен болатын. Онда жасылдар партиясының бұрынғы басшысы Александр Ван дер Беллен бәсекелесі Норберт Хоферден небәрі 0,6 пайыз басымдықпен жеңген еді.

Ол бұл табысқа пошта арқылы түскен дауыс арқасында жеткен болатын. Алайда кейін Конституциялық сот дауыс беру нәтижесін заңсыз деп танып, екі үміткер арасында сайлауды қайта өткізуді ұйғарды.


Соңғы жаңалықтар