Автобус шопырының не үшін өз-өзіне қол салғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автобус шопырының не үшін өз-өзіне қол салғаны белгілі болды

Автобус шопырының не үшін өз-өзіне қол салғаны белгілі болды

Павлодарда  шағын автобус шопырының не үшін өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды деп хабарлады Павлодар облысының полиция ведомствосы Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Сот алды тергеу барысында анықталғандай, ер адам отбасындағы кикілжіңдер салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Шопырдың отбасы, әйелі мен екі баласы бар екен. Әйелінің сөзіне сүйенсек, соңғы кездері ақша жетіспегендіктен күйеуі екеуі арасында ұрыс-керіс жиі шығып, тіпті ажырасу туарлы сөз болған. Отбасынан айырылып қалғысы келмеген ер адам жалақысы көбірек басқа бағдарға ауысуға тырысады, алайда оған мүмкіндік болмайды. 2 наурыз күні әйелі шешім қабылдап, ажырасуға арыз беріпті.

  • 28 Наурыз 2017
  • 289
Фото - Caravan.kz


20 наурыз күні ерлі-зайыптылар тағы ренжісіп қалады да, әйел таксиге мініп, Екібастұздағы анасының үйіне кетеді, ал күйеуі жұмысқа баратынын айтқан. Келесі күні түске қарай полиция қызметкерлері хабарласып, күйеуінің микроавтобустың ішінде асылып қалғанын хабарлайды.

 

Соңғы жаңалықтар