Автобус жер үйге соғылып, тұрғын үйдің тең жартысын жермен-жексен етті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автобус жер үйге соғылып, тұрғын үйдің тең жартысын жермен-жексен етті

Автобус жер үйге соғылып, тұрғын үйдің тең жартысын жермен-жексен етті

Атырауда автобус жер үйге соғылып, баспананың тең жартысын жермен жексен етті. Көлік «Теңізшевройл» компаниясының жұмысшыларын тасумен айналысқан.  

  • 12 Қазан 2013
  • 316
Фото - Caravan.kz

Өз бағытымен келе жатқан автобусты жанама көшеден шыққан джип соғып өтіпті. Қоғамдық көлік жылдамдығын азайта алмаған күйі жол шетіндегі үйдің бір жанын жапырып барып бір-ақ тоқтаған. Қираған бөлмеде сол мезетте үй иелері бала-шағасымен кешкі астарын ішіп отырыпты. Тек алысырақ отырып аман қалған. Апат салдарынан сондай-ақ электр желісі мен газ құбырына да зақым келген. Ал жарақат алған екі көліктің жүргізушісі мен джиптегі екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.


Сағидолла Жамалов, үй иесі:

— Жаңа біреуі келіп кетті хабарласамыз деп, оценкасын жасаймыз деп кетті, қайта ақырын жарылды, ал мына жағы бәрі кетіп қалды үйдің, қамыс үй ғой.