Жарияланды: 260

Автобус жүргізушісі қақаған аязда әйелді елсіз далада қалдырып кеткен

Автобус жүргізушісі қақаған аязда әйелді елсіз далада қалдырып кеткен

Жанна Шайменова Пугачев есімді жүргізушінің өзін аязда жолда тастап кеткенін айтады

Бұл туралы Sputniknews хабарлайды.

Автобус жүргізушісі әйелді Астана мен Степногор арасында қақаған аязда тастап кетті, деп жазады Жанна Нұрмағамбетова есімді желі қолданушысы. 

Нұрмағамбетованың айтуынша, құрбысы Жанна Шайменова дүйсенбі кешкі жетілер шамасында жолда жалғыз қалған. 

"Автобус 10 минутқа тоқтады. Жеті адам сыртқа шықтық. Мен дәретханаға кезекте соңғы болып тұрған едім. Менің алдымда шыққан әйел дәретхананың іші тайғанақ, сондықтан абай болуды айтты. Бір уақытта шықсам, автобус кетіп бара жатыр", — деген құрбысының сөзін келтіреді Нұрмағамбетова. 

Аязда далада жалғыз өзі қалған Жанна Шайменованың айтуынша, жүргізуші оның айқайын елемеген. Әйелге жақсы адамдар көмектесіп, жақын жердегі жанармай құю станциясына жеткізіп тастаған. 

"Мен елсіз далада жалғыз қалдым. Телефонымның қуаты 11 пайыз ғана. Мен жолда келе жатып, амалсыздықтан өкіріп жыладым. Аллаға шүкір, жақсы адамдар кездесіп, жанармай құю бекетіне жеткізіп тастады. Үлкен рахмет", — дейді Жанна Шайменова. 

Шайменова өзін жолда тастап кеткен қалааралық автобус жүргізушісінің фамилиясы Пугачев екенін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін