Автобуста порнография көріп отырған қыз жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автобуста порнография көріп отырған қыз жұртты шошытты

Автобуста порнография көріп отырған қыз жұртты шошытты

Жұрттың жағасын ұстатқан видеоны Facebook әлеуметтік желісіне Надира Сәрсенбаева есімді қолданушы жүктеген. Онда бастауыш сынып оқушысының смартфон ақылы порнографиялық жанрдағы видео көріп отырғаны анық байқалады. Видеоролик астындағы пікірлерде оқиғаның Алматы қаласында болғаны айтылады.

  • 14 Қыркүйек 2016
  • 2346
Фото - Caravan.kz

Жанындағы жолаушылардан видеоны жасырынып көрген кішкентай қыз артында адамдардың бар екенін естен шығарып алса керек, ашық төсек қатынасын ол бірнеше минут бойы тамашалады. Фэйсбуктағы жазба авторы болса бұған ата-аналар тікелей кінәлі дегенді айтып отыр.

«21 ғасыр деген сайын ата-ана жауапкершілігі деген мүлде жоғалып барады. Әлі ақ пен қараны ажырата алмайтын бүлдіршін ғой. Көріп отырғаны мынау. Бұл жерде ата-ана тікелей кінәлі. Бір-екі оқитын қыз балаға "смартфон" не үшін керек? Қазір ғаламторда бәленің бәрі бар. Әлден мынандайды көріп өскен бала ертең не болады? Түсінемін. Үлкен қала. Қай жерде келе жатқанын, бара жатқанын біліп отыру керек. Бірақ ол үшін 3 мың теңгелік жәй телефон жетеді ғой. Осы кезден бала тәрбиесіне немқұрайлы қараса қыздың 40 тыйымын үйретпесе, ертең ол қыздан қандай ана шығады?», — дейді Надира Сәрсенбаева есміді интернет қолданушысы.

Айта кетейік, еліміздің бірқатар қалаларында оқушылардың мектепке смартфон алып келуіне тыйым салынған. Атап айтқанда, Астана мен Шымкентте және Қызылорда облысында оқушылар мен педагогтар оқу ордасына гаджеттермен кіре алмайды.


Соңғы жаңалықтар