Ақтөбе облысында өртенген автобуста аман қалған өзбекстандық екі жолаушыны еліне қайтаруға прокурорлар рұқсат бермеді. Өйткені тергеу кезінде куәлік етуге керек болады деп отыр, деп хабарлады КТК.
Облыстық аурухананың қос палатасына күзет қойылған. Оның бірінде автобустың тірі қалған жүргізушілері жатса, екіншісіне өзбек жолаушылары орналасыпты. Олардан күн сайын тергеушілер жауап алып жатыр. Осылайша өрттің шығуына кінәліні таппақ. Дегенмен осы күнге дейін кімге айып тағылғаны туралы тәртіп сақшылары тіс жармады. Тек жол ережесінің бұзылғанына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын ғана хабарлады. Ал дәрігерлер, тергеушілер болмағанда автобуста тірі қалған бесеуді әлдеқашан ауруханадан шығарып жіберер едік деп отыр.
"Жалпы, бұл кісілердің стационарлық ем алуына ешқандай қажеттілік жоқ. Олар шығуы керек. Бірақ тергеу амалдары жүріп жатқаннан кейін біз оларды амалсыз шығармай отырмыз", — дейді Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.
Соңғы жаңалықтар
«Жындының сандырағы». Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Тағы бір қазақстандық спортшы олимпиадаға іріктеуден өтті
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Тоқаев Мирзиеев пен Өзбекстан халқына алғыс айтты
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Орал қаласындағы мектептер оффлайн оқытуға көшеді
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Су басқан аймақтағы тұрғын үйлерді қалпына келтірмейміз - министр Шарлапаев
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Елордада Model United Nations (MUN) ғылыми конференциясы өтті
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Су тасқыны: Ақтөбе облысында 1 966 адам өтемақы алды
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Бишімбаевтың ісі тек кісі өлтіру емес, шенеуніктер білгенін істеп, судьялар ақша үшін "ақтап" шығатын жемқорлықтың көрінісі
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Қазақтардың саны 14 миллионнан асты
Жаңалықтар
23 Сәуiр
"Боссың ба?": Бишімбаевтың Салтанатты ұрғаннан кейін тағы бір әйелмен сөйлескені белгілі болды
Жаңалықтар
23 Сәуiр