Автоматты түрде ақша түсіп тұратын карта кімдерге беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автоматты түрде ақша түсіп тұратын карта кімдерге беріледі

Автоматты түрде ақша түсіп тұратын карта кімдерге беріледі

Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бірыңғай картаны осы жылдың ақпан айында енгізу жоспарланып отыр

  • 7 Қаңтар 2021
  • 81
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтанда тұрғынның бірыңғай картасы қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қолдасов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Тұрғынның бірыңғай картасы – әлеуметтік осал азаматтар үшін электронды карта жасауды көздейтін жоба. Карта автоматты түрде толтырылып, қажетті тауарлардың шығыны бақылауға алынады.

"Карта ең алдымен барлығына ыңғайлы болады, адам әрі-бері сабылып жүрмейді, ол картамен өзіне қажетті заттарды сатып ала алады. Ақшаны осы қажетті заттарға ғана жұмсайды", — деді Қолдасов брифингте.


Оның айтуынша, бұл картамен астаналықтар жақын арада ашылатын әлеуметтік дүкендер мен дәріханаларда төлем жасай алады.

Әлеуметтік картаны 2021 жылдың ақпанында енгізу жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар