«Автопарк» жол жүру құнын 100 теңгеге дейін өсіруді сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Автопарк» жол жүру құнын 100 теңгеге дейін өсіруді сұрап отыр

«Автопарк» жол жүру құнын 100 теңгеге дейін өсіруді сұрап отыр

Ақтөбеде жарты жылдан бері жол жүру құнын көтере алмай отырған «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тағы бағаны қымбаттатуды сұрап отыр.

  • 7 Қаңтар 2017
  • 612
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz жазады.

Бұған дейін компания жергілікті әкімшілікке қоғамдық көліктердегі жол жүру құнын көтеру туралы бірнеше рет сұраныс жолдаған. Бірақ олардан әлі жауап келмей, қазір банкроттың аз-ақ алдында тұрмыз дейді.

Қаланың 90 пайызын қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіп отырған «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері дизель отыны мен сұйық газдың 40 пайыздан 100 пайызға дейін қымбаттағанын айтады. Компания қызметкерлерге төленетін жалақы мен көліктерді жөндеуге жұмсайтын шығындарын айтпағанда, 500 милионға жуық қарызды өтей алмай отырған көрінеді.

Ақтөбеде жол жүру құны соңғы рет 2014 жылы 55 теңгеге қымбаттаған болатын.

«Өз шығындарымызды есептей келе, тарифті 100 теңгеге дейін өсіруді сұрап отырмыз»,- дейді компания өкілдері.


Айта кету керек, осыдан бір жыл бұрын мемлекеттің миллиардтаған қаржысын жымқырды деген айыппен «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экс құрылтайшысы Мейіржан Өндіргенов сотталған болатын.

«Тасымалдаушыларға өте қиын соғып жатыр. Шығын өте көп. Біздің төлеп жатқан несиелеріміз бар. Жұмысшыларымыз еңбек ақысын көтеруді талап етіп жатыр. Сол бірнеше ай болды ұсынысымызды бергенімізге. Жаз соңында бердік, күзде бердік бірнеше рет. Нақты жауап бізге келмей жатыр», — дейді «Автопарк» ЖШС заңгері Руслан Жылқаманов.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр