Жарияланды: 30

Автотұрақтар крематорий ретінде пайдалануға беріліп жатыр

Автотұрақтар крематорий ретінде пайдалануға беріліп жатыр

Үндістандағы коронавирус індеті күннен күнге ушыға түсуде, қалалық автотұрақтар крематорий ретінде пайдалануға берілуде. Халықаралық қауымдастық қатаң шектеу шараларының жеткіліксіздігі бойынша Үндістан үкіметін сынға алды. Қазір Делиде ең көп зардап шеккен 150 аймақта локдаун енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Еске салайық, Үндістанда халық саны 1,2 млрд адамды құрайды.

АҚШ-та вакцина салдырған адамдар үшін көшеде бетперде кию талабы алып тасталынуы мүмкін. Президент Джо Байден бұл қадам елдің вирусқа қарсы күресте дұрыс шешім жасағандығының тағы бір дәлелі екенін айтты.

Испания билігі маусым айынан бастап денсаулық сақтау сертификаттарының сандық жүйесін енгізу арқылы шетелдіктерге елге кіруге рұқсат беруді жоспарлап отыр. Мұндай жоспар Хорватия мен Португалияда да талқылануда.

Греция дүйсенбіден бастап жеті елден келген азаматтар үшін міндетті карантинді алып тастады. Алайда, эпидемиологтар бұл шешім тым қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді және билікті шетелдіктерді тексеру үшін кем дегенде жеңілдетілген шаралар қабылдауға шақырады.

Кипр 10 мамырдан бастап вакцинацияның толық курсынан өткен 65 елдің азаматтарына елге еркін кіруге рұқсат береді. Ол үшін вакцинаның екі дозасын алғанын растайтын құжат болуы қажет.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін