"Award" комитеті мен Халық банк процессинг орталығын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Award" комитеті мен Халық банк процессинг орталығын құрады

"Award" комитеті мен Халық банк процессинг орталығын құрады

Award сыйлығының ұйымдастырушы комитеті мен Халық банк Қазақстанда электронды коммерцияны дамыту үшін процессинг орталығын құрады, деп хабарлады «Award.kz» ұлттық интернет-сыйлығы» қоғамдық қорының директоры Константин Горожанкин.

  • 23 Маусым 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандағы электрондық коммерцияның дамуына ыңғайлы төлем құралдарының жоқтығы кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты нарық дамымайды. Біз Халық банкімен бірлесіп процессинг орталығын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір ол төрт интернет-дүкенде сынақтан өтіп жатыр. Ол қырқүйек-қазанда іске қосылады деп үміттенемін», — деп мәлім етті К. Горожанкин бейсенбі күні «Интернет сала мен Орталық Азияның дамуы — 2011» орталықазиялық форумында.

Е-сауданы тежеп отырған басқа проблемалардың ішінен сарапшы интернеттің пайдаланушылар үшін қолжетімділігін, интернет-сатып алушылардың дүкендерге сенімсіздік танытуын, электрондық сатып алулардың шектеулі заңнамалық базасын атады.

«Қазақстандағы электрондық комерцияның дамуындағы ең үлкен ментальдық проблема – сатып алушының интернет-дүкенге сенім артпауы. АҚШ-та ондай проблема жоқ. Кез-келген пайдаланушы тауардың бағасына ғана қарап, сатып алу туралы шешім қабылдайды. Қазақстанда брэндке ғана сенеді. Ал брэнді жоқ шағын дүкендер не істеу керек? Электрондық коммерциямен айналысатын адамдарға ең алдымен сатып алушыларда қиындықтар туындамайтындай, процестердің бәрін дұрыстап жолға қойып алу керек», — деп есептейді сарапшы.

Ол Қазақстандағы компьютерлердің саны интернет пайдаланушылардың санынан аз екенін айтты. Оның мәліметтеріне сәйкес, елімізде екі интернет-пайдаланушыға 1,3 компьютерден келеді. «Бұл маңызды мәселе. Ол көпшілігіміздің интернетті жеке компьютерден емес, жұмыста, интернет-дәмханада пайдалатынымызды көрсетеді. Біз байланыс және ақпарат министрлігіне импортталатын компьютерлік жабдықтарға баж салықтарын төмендету туралы бастама көтеруді ұсынамыз», — деді К. Горожанкин.

2011 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанда интернет пайдаланушылардың саны 5 млн адамнан асты. Бұл елімізде е-коммерцияны табысты дамытуға жағдай жасайды.

«Қазақстанда интернет-аудитория бар. Бірақ онымен дұрыс жұмыс істеу деген басқа мәселе», — дейді К. Горожанкин.

Соңғы жаңалықтар