Әдетте бұл темір тіреулерді тұрғындар кілем қағу үшін қолданады. Кішкентай Вова сол күні оған өрмелеп шығып, төмен түсерде аяғын қыстырып алған. Соны сыртқа шығару үшін құтқарушыларды шақыруға тура келген. Темірді арнайы құралдармен кескен олар, аяғына көлікке құятын майды жағып, баланы аман алып шықты. Бұл оқиғадан шошып қалған бүлдіршіндердің енді ойын алаңына жолағысы жоқ.