Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз хатшысы Гүлнара Пинчук мәлімдеді.
Оның айтуынша, ер адамның денесі кеше өз үйінен табылған.
Оның өзіне қол салуына не себеп болғаны анықталуда.
Қалалық аурухананың бас дәрігері Серік Кәкпеновтың мәлімдегендей, атылып өлген ер кісі олардың бұрынғы пациенті екен.
«Ер адамға Астанада және Көкшетау облыстық ауруханасында бірнеше рет ота жасалды. Он күн бұрын біздің ауруханада оның аяғын кестік, алдыңғы күні ауруханадан шыққан», — дейді бас дәрігер.