"Аяғыңыз ауыр ма?": Ерке Есмахан ораза ұстамауының жақсы себебі барын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аяғыңыз ауыр ма?": Ерке Есмахан ораза ұстамауының жақсы себебі барын айтты

"Аяғыңыз ауыр ма?": Ерке Есмахан ораза ұстамауының жақсы себебі барын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан осы жылы ораза ұстамауының себебін айтты.

  • 14 Сәуiр 2021
  • 696
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші желідегі парақшасында оқырмандарын Рамазан айымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жеке өмірінде жақсы жаңалық барын да жазды:

"Рамазан айының бірінші күні!
Ауыз ашып, рахаттанып отырсыздар ма? Ас болсын! Ниеттеріңіз қабыл болсын!

Ал мен биыл ораза ұстамадым. Оның бір жақсы себебі бар.
Бірақ ауызашар жасап, сауап жинаймын, бұйырса!

Құлшылық айы қабыл болсын! Әр отбасында береке, татулық, молшылық болсын. Алла әрбір жанға мықты денсаулық, жақсы табыс берсін. Осы ораза оң өзгерістердің бастауы болсын".

Әншінің әр сөзін қалт жібермей отыратын оқырмандар жақсы өзгерісті "аяғыңыз ауыр ма" деп топшылады:

"Әй, осы аяғыңыз ауыр — ау десем ұят қой…Не де болса, жақсылыққа", "Жақсы себебі беременна?", "Екі қабат әйелдерге ауыз бекітбеуге болады я?", "Бәсе, толыпсың", деп оқырмандар топшылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Erke Esmahan (@erke_esmahan)

 

Соңғы жаңалықтар