Аягөз қаласындағы бірнеше ғимараттың шатырын қатты дауыл ұшырып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аягөз қаласындағы бірнеше ғимараттың шатырын қатты дауыл ұшырып әкетті

Аягөз қаласындағы бірнеше ғимараттың шатырын қатты дауыл ұшырып әкетті

Кеше кешкісін Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында қатты дауыл тұрып, бас аяғы 7-8 минуттың ішінде бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен. Бұл туралы жергілікті тұрғындар хабарлап отыр.

  • 2 Шiлде 2016
  • 683
Фото - Caravan.kz


"Шайдай ашық күн болатын, бірден бұлт үйіріліп, қатты құйынды желге ұласты. Соңынан бұршақ аралас жаңбыр сеуіп өтті», — дейді аягөздіктер.

Қалалық гимназия, әскери комиссариат, көпқабатты тұрғын үйлер мен мейрамханалардың шатыры ұшып кеткен. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден кем болмағанын айтуда тұрғындар. Абырой болғанда, жарақат алған адамдар жоқ. Аудандық әкімдік жағдайдың бақылауда екенін, шығындар есептеліп жатқанын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар