Аягөзде қарақшылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аягөзде қарақшылар ұсталды

Аягөзде қарақшылар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында жедел-іздестіру тобының қызметкерлері 25 жастағы ер адамның үйіне қарақшылық шабуыл жасаған екі азаматты ұстады. Бұл туралы бүгін брифингіде ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

  • 6 Қараша 2013
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Қаскүнемдердің бірі өзін үй иесінің ағасымын деп таныстырып, есік ашылған бетте әлгі екеуі беттерін шарфпен қымтап, үйге баса-көктеп кірген. Сосын пышақпен қорқыту арқылы жәбірленушінің 300 мың теңге көлеміндегі ақшасын, екі ноутбук пен бірнеше ұялы телефонын қолды қылып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрап отыр», — дейді Н.Ораз.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, олардың үстілерінен қылмыстық іс қозғалды.