"Аяқтары істемей қалған": Қаңтар оқиғасына қатысқандардың жағдайы тым ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аяқтары істемей қалған": Қаңтар оқиғасына қатысқандардың жағдайы тым ауыр

"Аяқтары істемей қалған": Қаңтар оқиғасына қатысқандардың жағдайы тым ауыр

Елімізде болған қаңтар оқиғасына қатысқандардың бірі Самат Нұрмахановтың халі ауыр. Үй салып жүрген оның кенеттен аяқ-қолы істемей қалды. 

  • 18 Шiлде 2022
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айжан Хамиттің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Ол қаңтар оқиғасына қатысты деген айыппен ұсталған болатын.  Артында зар еңіреген әйелі мен 4 баласы қалды. 

Айжан Хамит Саматтың қамауда болған кезде аяусыз  азапталғанын айтады. Соның кесірінен құлағы естімей қалып, есту аппаратымен жүр. 

Саматты әзер дегенде үй қамаққа шығарып алған. Бірақ, оған қайткенде де үш жыл қамауға алынатын айтылған. 

"Сол уақыттарда мен Саматтың әйелі Сандуғашқа көмектесу үшін, халықтан үш миллион теңге жинаған болатынмын. 

Самат үйқамақта болған кезде, отбасына үй салуға кірісті.  Бір жарым миллионнан жер алды. Енді сол үйде тұрғызу барысында ол есінен танып, үш рет құлады. Белден төменгі қарай аяқтады бәрі істемей қалды. Қайтсем де балаларыма өзім тірі кезінде үй салып беремін деп, денсаулығына қарамады, қарауға шамасы да, уақыты да, ақшасы да жоқ. 

Ал, бүгін Самат тағы да құлады. Бәрі бітті. Зар еңіреген әйелі Сандуғаш пен балалары қалды. 


Жедел жәрдем келіп укол салып кетті. Оны алып кетпеді. Достар, қайтсек те Саматтың отбасына көмектесейік. Оларға көмек қолын сомасын бізден басқа ешкім жоқ", деп жазды. 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0V7bf4YxWMFaAyJNPYg1nF2tdXG5vLy5p2ZnzjgLN6yGDc1XCaVW9c8iTgSBmzBgAl&id=598400598