Аза тұту күніне орай Мемлекеттік Тулар төмен түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аза тұту күніне орай Мемлекеттік Тулар төмен түсірілді

Аза тұту күніне орай Мемлекеттік Тулар төмен түсірілді

 

  • 9 Маусым 2016
  • 509
Фото - Caravan.kz

Аза тұту күніне орай бүгін барлық мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ұйымдарда Мемлекеттік Ту төмен  түсірілді, деп хабарлайды Caravan.kz. Сондай-ақ телеарналарда Аза тұту күніне байланысты ойын-сауық бағдарламалары мен спорттық шараларды, жарнамаларды көрсетуге тыйым салынды.

Азалы күнге бірқатар отандық радиолар да ат салысуда.

Сонымен қатар көптеген медиа порталдар әдеттегі түсін қара түске бояды, әрі раидо арналар мен ғаламтор сайттарында да жарнама атаулы тоқтады. Бұған қоса мерзімді басылымдар мен журнал бетіне бүгін көңілді мақалалар жарияланбайды.


Еске сала кетсек 5 маусым күні Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғадан 7 бейбіт тұрғын мен әскери көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар