Жарияланды: 7700

Азамат Омаров алғаш рет некесіз қызын мойындап, құшағына алды

Азамат Омаров алғаш рет некесіз қызын мойындап, құшағына алды

Омаровтар әулеті некесіз туылған Көзайымды қуана қабылдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Омаровтың некесіз немересі жайлы осыған дейін жазған болатынбыз.Түркістандық Кәмшат Таубай атақты әншінің ұлынан қызды болғанын айтып, «Астарлы Ақиқатқа» келген еді. Сөзіне сенсек, Азамат Омаров кішкентай Көзайымға «тегін» беруден қашып жүр. Бағдарлама барысында, сәбиден ДНК сынамасы алынған болатын. Азамат Омаровта көп күттірген жоқ. Бағдарламадан соң бірден редакцияға хабарласып, сілекей сынамасын беруге келісті. Нәтижесі де дайын болды.

Көзайым мен Азамат Омаровтың туыстық ықтималдылығы 99,8 % дәлелденіп шықты, Яғни Азамат Омаровтың қызы екендігі расталды.

Марат Омаров пен Зарина Омарова кішкентай балапандарын құшағына алды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін