Азамат Сатыбалды "Мен ояндым" ролигіне байланысты: Жер дауы болғанда сол орыс тілді әріптестерім қайда болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азамат Сатыбалды "Мен ояндым" ролигіне байланысты: Жер дауы болғанда сол орыс тілді әріптестерім қайда болды?

Азамат Сатыбалды "Мен ояндым" ролигіне байланысты: Жер дауы болғанда сол орыс тілді әріптестерім қайда болды?

Азамат Сатыбалды "Мен ояндым" ролигіне байланысты: Жер дауы болғанда сол орыс тілді әріптестерім қайда болды?

  • 31 Мамыр 2019
  • 1394
Фото - Caravan.kz


Белгілі актер әрі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды "Мен ояндым" ролигіне байланысты өз ойын айтты.

Бұл туралы ол instagram парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Сол ролигке қатысы барлар бірінші мамыр күні xалық митингіге шыққанда қайда болды?????
Немесе митингтен кейін адамдардың қолын қайырып он күнге отырғызғанда қайда болды..???
Жер дауы болғанда сол орыс тілді менің әріптестерім қайда болды????????
Елін сүйген адам елді айдақтап қойып өздері жылы жерде отырмайды. Отқа май құйып қашып кетіп,сырттан қарап тұрмайды. 
Елін сүйген адам, елінің алдында кеудесін отқа тосып тұрады. Елін сүйген адам елдің артында емес алдында тұрады қасқайып…….
Екінші мәселе…..
Мен еш уақытта билікті мақтап я болмаса жақтаған емеспін.
Парақшамда Иманғали Тасмағанбетов туралы жазғанмын және сол ойымнан айнымаймын. Мен үшін ең басты байлық ол елімнің тыныштығы. Елім үшін керек болсам мен бәріне дайынмын…..
Және тағы бір мәселе мен парақшамда,
Қ.Тоқаевқа дауыс беремін және сіздер де дауыс беріңіздер деп жаздымба??? Дауыс беруге барыңдар таңдауды дұрыс жасаңдар деймін. Кімге бересіздер маған бәрі бір. Ол сіздердің шешімдеріңіз. Менде таңдауымды жасадым. Мен Тоқаевқа дауыс беремін. Ол менің шешімім. Өйткені патша Жаратқаннан, елдің ниетіне қарай берілсе керек. Елімізге АЛЛА парасатты патшаны нәсіп етсін.
Бүтінді бүлдіру оңай, бүлінгенді қалпына келтіру қиын. 
Біздің сүрінгенімізді күтіп ел сыртында қаншама мемлекет тұр", — деп жазды ол.