Жарияланды: 40

Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды Сурет - Ticketon.kz

Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қуанышты хабарды Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жеткізді. 

"Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!

Өнер адамының тағдыры ерекше! 

Қалың көрермен қауым АЗАМАТТЫ театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде таниды.
Стивен Кингтің "Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде" деген керемет сөзі бар.
Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген АЗАМАТТЫҢ қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін