Азаматтарды уақытша тіркеу кезінде мүлде басқа жайтты анықтадық - министр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтарды уақытша тіркеу кезінде мүлде басқа жайтты анықтадық - министр

Азаматтарды уақытша тіркеу кезінде мүлде басқа жайтты анықтадық - министр

ҚР ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов бүгін xалықпен өткен есептік кездесуде азаматтарды тіркеу қорытындыларына тоқталды, деп xабар

  • 14 Маусым 2017
  • 241
Фото - Caravan.kz

ҚР ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов бүгін xалықпен өткен есептік кездесуде азаматтарды тіркеу қорытындыларына тоқталды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

“Естеріңізде болса, жылдың басында ХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек түзіліп, xалық біраз дүрліккен еді. Алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізбегеніміз үшін біздің де кінәміз болды. Бірақ аз уақыт ішінде жағдайды тұрақтандырдық, қосымша күштер бөлдік. Бірақ жүргізілген жұмыс барысында мүлде басқа жағдайды анықтадық. Негізінде заң азаматтарды уақытша тіркеуге тұрғызуды көздеген болатын. Алайда анықталғандай, азаматтардың басым бөлігі тұрғылықты мекенжай бойынша да тіркеуге тұрмаған болып шықты”-дейді министр есептік кездесуде.

Қасымовтың айтуынша, жыл басынан бері 1,7 млн адам тіркелген. Олардың дені – жеке пәтері, тұратын үйі барлар.

"Егер былтыр біз миллионнан сәл ғана көп адамды тіркесек, биыл бес ай ішінде 1,7 млн адамды тіркедік. Олар кімдер: уақытша қоныс аударып, тіркелгендердің саны 800 000 болды, ал қалған 900 мыңы – басында баспанасы, пәтері бар, бірақ тіркеусіз жүрген азаматтар. Осыншама адамды біз “көлеңкеден” шығардық. Бұл жайында не денсаулық сақтау, не білім, не салық қызметтері, әкімдіктер де білмеген. Олар жұмыстарын жоспарлап істеуі керек қой. Қанша мектеп салу керек, ауруxаналарға қанша адам келеді дегендей, — дейді ведомство басшысы.


Айта кетсек, 2016 жылы “Терроризммен күрес туралы” заңға сәйкес, азаматтарды уақытша тіркеу туралы шешім қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар