Азаматтық форум бейресми ұйымдардың жұмысына серпін береді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық форум бейресми ұйымдардың жұмысына серпін береді

Азаматтық форум бейресми ұйымдардың жұмысына серпін береді

Елімізде азаматтық форум өткізу - бейресми ұйымдардың жұмысына тың серпін береді. Бүгін, 12-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында үкіметтік емес ұйым өкілдері осындай пікір білдірді.

  • 12 Тамыз 2003
  • 578
Фото - Caravan.kz

Даму мақсатындағы ынтымақтастық ұйымының бас директоры Инесса Франц ханымның айтуынша, Алматы мен Алматы облысында қазір 2,5 мың үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың тең жартысы ғана белсенді еңбек етеді.

Осыған байланысты, баспасөз мәслихатына қатысушылардың хабарлауынша, елімізде азаматтық қоғамды дамыту үшін Үкіметтік емес ұйымдардың өз арасында, сондай-ақ, аталмыш ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасында мәмілелі қадамдарды жүзеге асыратын мерзім жетті.
Бірінші кезекте шешілуі тиіс ең көкейкесті тауқыметтер арасында бұл сектордың өкілдері осы саладағы заңдарды жетілдіру, бейресми ұйымдар іс-қызметіне мемлекет тарапынан қолдау көрсету, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар арасындағы тиімді ықпалдастық тетіктерін қалыптастыру, қоғам мен билік арасындағы емен-жарқын диалогқа жол ашу тәрізді мәселелер аталды.
Тұрақты дамуға негіз болатын осынау тауқыметтерді үкіметтік емес ұйымдар қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада өтетін Азаматық форумда сарапқа салмақ ниетте.

Соңғы жаңалықтар