Азаматтық неке – неке емес! Өмірлік ұстанымның 7 негізгі айырмашылығы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық неке – неке емес! Өмірлік ұстанымның 7 негізгі айырмашылығы

Азаматтық неке – неке емес! Өмірлік ұстанымның 7 негізгі айырмашылығы

Жыл өткен сайын «азаматтық неке» деген ұғым кең етек алуда. Некеге дейін бірге тұруды жақтаушылардың дауысы зорайып келеді.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 7857
Фото - Caravan.kz

Туу туралы куәліктегі «әке» деген жолдағы сызықшалар саны артып келеді. Некеге дейін бірге тұру мен заңды некелесу арасындағы айырмашылық адамдардың қарым-қатынасына кепілдік бере алмайтын паспорттағы мөрмен емес,   қарым-қатынас стратегиясына негізделуі тиісті-мыс.

Айырмашылық айтарлықтай:

1. Мәселеден басын алып қашу  
Бірге тұрғысы келетін әрі сезімін тексеріп көргісі келген жұп, «ұнамаса – айырылысып кетеміз» деген ұстаныммен шешім қабылдайды. Қарым-қатынаста салқындық, жанжал, күйзеліс бола қалған жағдайда олар кетісуге даяр тұрады. Сондықтан олар «бәріне деризамын» деген оймен өмір сүреді. «Басын алып қашу» стратегиясы мінез құлыққа тез сіңеді. Азаматтық некеден кейін заңды некелескен кезде де ол адам басын алып қашуға бейілді болады. Ажырасуы оңай. Жазушы әрі журналист Аннели Руфус өзінің зерттеуінде келтірген статистикалық мағлұматтарға сүйенсек, азаматтық неке мықты отбасы құрудың мүмкіндігін екі есеге кемітеді екен.

2. Махаббаттың жоқтығы 
«Біз бір-бірімізді сүйеміз, бізге мөрдің қажеті қанша?» деушілер. Күлкілі көрініс. Азаматтық некенің махаббатқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық. Ол бар болғаны «сезім тексеру» ғана. Сол тексеруге шыдас бермей жүрген құбылыс. Статистикалық мәліметтерді келтірер болсақ, азаматтық неке бес жылдан арыға бармайды екен. Ал,  махаббат – материалдық мұқтаждық, денсаулық, сұлулық, жетістікке қарамастан бірге болуды көздейді. Азаматтық неке – жағдайға тәуелді одақ, жалпы табиғатынан адамға тәуелді қарым-қатынас. Азаматтық неке бір-біріне деген сенімсіздіктен, дүние бөлісуден қорқу, жауапкершіліктен бас тарту, өзара міндеттерді жоққа шығарудан туатындығын ескеру керек. Қайдағы махаббат дерсің…

3. Тең емес қарым-қатынас 
Неке деген екеуара тең құқылы қарым-қатынасты білдіреді. Статистика бойынша, азаматтық некедегі азаматтардың 85% өздерін бойдақпын деп есептесе, әйелдердің 92% тұрмыстамын деп ойлайды екен. Қандай тең құқық туралы айтуға болады? Бұл ойыннан кімнің жеңілетіні айқын емес пе?…

4. Екеуара жалғыздық 
Азаматтар өзін бойдақпын деп есептегені дұрыс! Бірге тұру заңды неке еместігі анық. Ол өзін отбасылымын деп есептемейді. Өйткені, отбасы деген бірге тұру ғана емес. Отбасы «біз» деген ұғымды қалыптастырады. Ортақ үй, қаржы, достар, қызығушылық, эмоционалды жақындасу, бір-біріне деген сенім, моногамия, әрі тұрақты қарым-қатынас.

5. Та
ңдауы жоқ таңдау 
Ер азамат әркімге көз қырын салмауы үшін қаншалықты уақыт керек? Минут, сағат, бір күн, бір жыл? Бір-біріне кім болатынын сезінбестен қанша мезгіл бірге тұруға болады? Бір қызбен бірге тұрып, бірақ күнбе күн жүрегінің түбінде сол аяулы, ерекше, өзгелердің қолы тимеген асқақ аруды іздеп жүретін азаматтар бар. Азаматтық некенің соңы көбіне жігіттің басқаға үйленіп кетуімен тәмамдалады. Ал, белгісіздік уақытты ұрлап, жаныңды тонап, күш-қуатыңды қашырып, өмірді текке оздырады.  

6. Шегі жоқ әлем 
Заңды некеде күйеуі әйеліне «сен кімсің, мұнда не істеп жүрсің, сен ешкім емессің, аузыңды жап та, тыныш отыр, кететін жағыңа қайқай» деп ешқашан айта алмайды. Азаматтық некеде жұбың көзіңе шөп салды дей алмайсың. («Сенімен тұрып жатырмын, басқамен жатам, не шатағың бар?») Яғни, қарым-қатынастың еш мәртебесі болмаса, оның тыйым салынған, салынбаған шегі жоқ. Ресми неке әлеуметтік мәртебе беріп, қарым-қатынастың қалыбын белгілейді. Заңды неке тұрақтылыққа кепіл болып, шектен шықпауды нақтылайды. Осы заңдылықтар қиындықтарды жеңіп, кез келген азғыру мен елітуден сақтайды.  

7. Жауапкершілік артпайды 
Жауапкершілік істеген ісіңді мойныңмен көтеруге мәжбүрлейді. Жауапкершілігі бар адам жағдайды сараптап, болар істің соңын байыптап отырады. Өзінің нені таңдатынын, қандай шешім қабылдайтынын біледі. Сол шешімнің іс барысына қаншалықты әсер ететінін де есептеп, алдын ала көре біледі. Белгіленген шекараның жоқтығы, мақсаттың айқын болмауы, отбасы мен қарым-қатынас үшін ешбір қадамға барудың қажеттілігі болмаса, өз ісіне деген жауапкершіліктен танып кету оңай. Азаматтық некедегі жұптардың міндеттері жоқ. Бір-бірінің алдында жауапқа тартар  құқылары да жоқ. Мұндай қарым-қатынастағы жұптардың құқын қсақтауға немесе қорғауға мүмкіндік жоқ. Тұлға ретінде деструкцияға ұшырататын жағдай.

Әрине, заңды неке мәңгілік махаббатқа, бөлінбес одаққа, жұбайлардың өзара сенімі мен құрметіне жүз пайыз кепілдік бермейді. Бірақ отбасын құрған жандар оның өмір бойы жалғасатындығына сенеді. Ыдыс-аяқ сылдыры мен уақытша қиындық оларды еш үркітпейді. Некені, махаббатты, өзара сенім мен сыйластықты сақтауға бағытталған стратегияны таңдай отырып адамдар осының барлығының өмірінде лайықты орын алу жауапкершілігін таңдайды.

Сіздің бақытыңыз сіздің қолыңызда екенін естен шығармаңыз! Сіздің өміріңізді сізден артық ешкім жасай алмайды.

Материал professionali.ru сайтынан алынды.

Аударған: Шынар Әбілдә