азақстанда бала асырап алғысы келетін 2,5 мыңнан астам отбасы кезекте тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
азақстанда бала асырап алғысы келетін 2,5 мыңнан астам отбасы кезекте тұр

азақстанда бала асырап алғысы келетін 2,5 мыңнан астам отбасы кезекте тұр

Қазақстанда бала асырап алу кезегінде 2,5 мыңнан астам отбасы тұр.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 481
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдірайым хабарлады.

«Қазір біздің елімізде 2,5 мыңнан астам отбасы кезекте тұр. Оның 10 пайызға жуығы жасы алтыдан асқан балаларды асырап алғысы келеді. Қалғандары 3 жасқа толмаған және дені сау баланы бауырына басқысы келеді», — деді ол бейсенбідегі брифингте.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда республикамызда 33 мың 680 жетім бала мен ата-ана қамқорлығынан айырылған бүлдіршін бар. Оның 21 мыңнан астамы қамқорлыққа алынған, 1900 бала патронатты тәрбиеге алынған, тағы 9 мыңнан астам бала толық мемлекет қамқорлығына өткен.