Әзербайжан АҚШ-тың Еуропалық қолбасшылығымен әскери ынтымақтастық жоспарын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан АҚШ-тың Еуропалық қолбасшылығымен әскери ынтымақтастық жоспарын бекітті

Әзербайжан АҚШ-тың Еуропалық қолбасшылығымен әскери ынтымақтастық жоспарын бекітті

Баку. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Милли Меджлис (Әзербайжан парламенті) кеше өткен отырыс барысында "Әзербайжанның Қарулы күштері мен Америка Құрама Штаттарының Еуропалық әскери қолбасшылығы арасында әскери ынтымақтастықтың жұмыс жоспарын" ратификациялады, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 7 Қараша 2007
  • 703
Фото - Caravan.kz

Жоспар Әзербайжанның Қарулы күштерінің еуро-атлантикалық қауіпсіздік құрылымына инеграциялану мәселелерін реттеуді, сондай-ақ, әрбір НАТО-ға мүше елдер мен Әзербайжан мемлекеті арасындағы дербес серіктестікке қатысты жедел жоспарды жүзеге асыруда олардың қатысуын қарапайымдандыру, НАТО және Әзербайжанның қарулы күштері арасында өзара ынтымақтастықты дамыту, көпұлтты коалициялық жедел іс-шараларын, ұлттық кадрлерді даярлау, елдің теңіз қаіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтық қауіпсіздік шеңберінде тұрақтылықты нығайтуды қарастырады.

Бұрын хабарланғандай, жұмыс жоспарына 2007 жылдың 14-қыркүйегінде екі жақты әскери кеңестердің негізінде Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі мен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасында қол қойылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті