Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асатынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асатынын мәлімдеді

Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асатынын мәлімдеді

Армениядағы медициналық мекемелерде реанимациялық шаралар ғана жүргізіліп, тек шұғыл көмекке мұқтаж науқастар қабылдануда

  • 28 Қыркүйек 2020
  • 84
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы sputniknews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.  

Таулы Қарабақта жаңа әскери қақтығыстың алғашқы күні аяқталды. Тараптар шығындарды есептей бастады.

Әзербайжан Армения әскери күштерінен қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 550-ден астам адамға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ, 22 танк пен бронды машиналардан, 15 "Оса" әуе қорғаныс жүйесінен, 18 дрон мен 8 артиллериялық құрылғылардан айырылғанын жария етті. Бұл туралы Sputnik Әзербайжан елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының қорғаныс армиясы 1978-2001 жылы туылған 16 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Армениядағы медициналық мекемелерде науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Армения
республиканың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ақпарат көзінің дерегінше, ауруханаларда реанимациялық шаралар немесе шұғыл көмекке мұқтаж науқастарды ғана қабылдау жүзеге асырылады.

Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштерінің 33 танк пен жаяу әскердің соғыс машиналарын, 27 дронын, 4 тікұшағын және 200-ге жуық адамын жоғалтқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар