Әзербайжан астанасында рейстік автобус аударылып, 18 адам зардап шекті - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан астанасында рейстік автобус аударылып, 18 адам зардап шекті - телеарна

Әзербайжан астанасында рейстік автобус аударылып, 18 адам зардап шекті - телеарна

Баку. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бейсенбі күні Бакудің Наримановск ауданында рейстік автобус аударылып, жол-көлік апаты нәтижесінде 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Әзербайжанның ANS телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 11 Сәуiр 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Наримановск ауданында жол көлік апаты болды. Автобус кенеттен жолдан шығып кетіп, аударылған. Апаттан автобустың 18 жолаушысы зардап шекті. Ауыр жарақаттанғандар Клиникалық медицина орталығына жеткізілді», — деп көрсетілген телеарна хабарламасында.

ANS ақпаратына сүйенсек, автобус жүргізушісі апаттың көліктегі ақаудан орын алғанын хабарлаған. Ал Наримановск ауданының полиция қызметкерлерінің айтуынша, апатқа кінәлі жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші.

Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта зардап шеккен 18 жолаушының алтауының жағдайы ауыр. Оқиға бойынша Наримановск ауданының полиция басқармасында тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті