Әзербайжан Грузия аумағы арқылы мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауға қатысты қиындықтарға тап болуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан Грузия аумағы арқылы мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауға қатысты қиындықтарға тап болуда

Әзербайжан Грузия аумағы арқылы мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауға қатысты қиындықтарға тап болуда

Баку. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан Грузия аумағы арқылы мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауға қатысты қиындықтарға тап болуда. Бұл туралы Әзербайжан мемлекеттік темір жолының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Тамыз 2008
  • 546
Фото - Caravan.kz

Тбилисиден батысқа қарай 45 шақырым жердегі теміржол учаскесіндегі көпірдің жарылысы салдарынан Әзербайжан Грузияның Қара теңіздегі айлақтары арқылы мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау көлемін шектеуге мәжбүр болды.

«Қазір Грузияда көпір жөнделіп жатыр, грузин жағы әзірге бізге айлақтар арқылы жүк тасымалы қашан қайта жанданатыны туралы хабар берген жоқ. Осындай себеппен қазір Грузиямен арадағы шекарада мұнай және мұнай өнімдері тиелген 16 құрам тұр», -деп хабарлайды Әзербайжан мемлекеттік темір жолының баспасөз қызметі.

Қазір бірақ Баку — Тбилиси бағытында жолаушы тасымалдауда проблема жоқ.

Сонымен бірге, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазір Әзербайжан мұнайын мұнай құбырларымен экспорттау мүмкіндіктері де шектелген. Баку — Тбилиси — Жейхан мұнай құбырының Түркияға тиесілі бөлігінде 6 тамызға қараған түні шыққан өрт салдарынан бұл құбырмен мұнай тасымалдау тоқтатылған, ол әзірге жанданған жоқ.

Сондай-ақ, Баку — Супса мұнай құбырымен де мұнай экспорттау жанданған жоқ, 1 тамызда Грузиядағы саяси оқиғаларға байланысты қауіпсіздікке байланысты себептермен тасымал тоқтатылған болатын. Қазір Әзербайжан мұнайының экспорты тек Баку — Новороссийск мұнай құбырымен ғана жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар