Жарияланды: 430

Әзербайжан Каспий теңізінің түбін бөлісу мәселесі бойынша Түрікменстанмен екі арадағы келіссөздер жалғасын табады деген үмітте

Әзербайжан Каспий теңізінің түбін бөлісу мәселесі бойынша Түрікменстанмен екі арадағы келіссөздер жалғасын табады деген үмітте. Бұл туралы Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі арнаулы жұмыс тобындағы ұлттық өкіл Халаф Халафов мәлімдеме жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне turkmenistan.ru хабарламасынан мәлім болды.

Х.Халафовтың пікірінше, Түрікменстанмен екі арадағы келіссөздер кешікпей жалғасын табады. Бұл бірінші кезекте қазір өткізіліп жатқан Қазақстан-Түрікменстан арасындағы келіссөздерге байланысты. Соның нәтижесіне қарай біз Каспийдегі өзара шекаралық түйіліс нүктесін анықтауға тиіспіз дейді Халаф Халафов. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірқатар ірі мұнай кеніштерінің иелігін анықтауға жол ашатын Каспийдегі орта сызықтың координатын анықтау әдістемесі бойынша Ашхабад пен Бакудың өзара көзқарас қайшылығынан болып келіссөздер осыдан екі жыл бұрын үзіліп қалған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть