Әзербайжан мен Ресей электр қуатын сату мен сатып алуда үш тарифтік режимді қолдану жөнінде келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Ресей электр қуатын сату мен сатып алуда үш тарифтік режимді қолдану жөнінде келісті

Әзербайжан мен Ресей электр қуатын сату мен сатып алуда үш тарифтік режимді қолдану жөнінде келісті

Баку. 26-ақпан. Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан мен Ресей электр қуатын өзара сату және сатып алу кезінде үш тарифтік режимді қолдану туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Азерэнержи" АҚ.

  • 26 Ақпан 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Бакуде «Азерэнержи» АҚ мен «Ресей Интер РАО» арасында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша 22-ақпанда электр қуатын өзара сату және сатып алу кезінде үш тарифтік режимді қолдануды қарастыратын жаңа екі жақты келісімге қол қойылды. Атап айтсақ, электр қуатын экспорттау немесе импорттау процессінде күндізгі, түнгі және қуат көп пайдаланатын уақытқа байланысты әрбір жақ үшін 1 кВт/сағатқа бір тариф енгізу туралы шешім қабылданды», — деп атап көрсетті «Азерэнержи».

АҚ тариф көлемін коммерциялық құпия болуы себепті жариялаған жоқ.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ресей компаниясы Әзербайжан мен Ресей арасындағы электр қуатының сату және сатып алу тарифын теңестіріп, 1 кВт/сағат электр қуаты үшін бірыңғай 4,3 АҚШ центін енгізу жөнінде ұсыныс жасаған болатын.

«Азерэнержи» АҚ мен «Ресей Интер РАО» арасында энергетикалық алмасу туралы соңғы келісімге 2007 жылдың 15-қаңтарында қол қойылған еді. Келісімге сәйкес, Әзербайжан жағы тұтыну өскен кезде Ресейден 1 кВт/сағат электр қуатына 3,636 АҚШ центі бағасымен 200-250 МВт электр қуатын алып, 1 кВт/сағат электр қуатына 1,8 центпен экспорттап келген. Бұл тарифтер 2007 жылдың бірінші тоқсанына арналған болатын. 2007 жылдың 1-мамырынан бастап өзара энергия тасымалы жоғары бағамен қайта жанданған еді. Алайда, оның да бағасы жарияланған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті