Әзербайжан парламенті осы ел президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған бірқатар келісімдерді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан парламенті осы ел президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған бірқатар келісімдерді бекітті

Әзербайжан парламенті осы ел президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған бірқатар келісімдерді бекітті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің 2004-жылғы наурыздағы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдер топтамасы Әзербайжан парламенті - Милли Меджлистің жалпы отырысында бекітілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 20 Мамыр 2004
  • 362
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, мемлекет басшылары қол қойған мынадай құжаттар бекітілді : Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік және достық байланыс туралы декларация; әскери саладағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық келісімі; үкіметаралық байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; екі ел үкіметтері арасындағы мәдениет, ғылым және туризм саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Сондай-ақ, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім мен ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісім де күшіне енді.