Жарияланды: 340

Әзербайжан президенті 2004-жылдың 1-наурызында Астанада қол қойылған құжаттарды бекітті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің бұйрығымен 2004-жылдың 1-наурызында Астанада қол қойылған құжаттар бекітілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне президент әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, екі құжат бекітілді : біріншісі, Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласының атқарушы билігі мен Қазақстан Республикасының Елордасы Астана арасындағы сауда-экономикалық , ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім болса, екіншісі, екі елдің авиациялық биліктері арасында азаматтық авиация саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту туралы хаттама. Әзербайжан министрлер кабинетіне аталмыш құжаттарды жүзеге асыруға қажетті шаралар қолдану жөнінде тапсырма берілді. Осыған байланысты Әзербайжан СІМ Қазақстанға аталмыш құжаттарды күшіне енгізуге қажетті ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғандығы туралы хабарлама жөнелтуге нұсқау берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін