Әзербайжанда "Аль-Каидамен" байланысы бар тұлғалар тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда "Аль-Каидамен" байланысы бар тұлғалар тұтқындалды

Әзербайжанда "Аль-Каидамен" байланысы бар тұлғалар тұтқындалды

Баку. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанның Ұлттық қауіпсіздік министрлігі жүргізген іс-шара нәтижесінде тегі араб "Аль-Каида" және "Аль-Джихад" террорлық ұйымдарымен байланысы бар Әбу Джафар есімді адамды қамауға алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі министрліктің баспасөз баянына сілтеме жасай отырып.

  • 7 Қараша 2007
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Қарулы қылмыстық топ құруға байланысты келіп түскен мәліметтер негізінде және дер кезінде заңға қайшы әрекеттердің жолын кесу мақсатымен Ұлттық қауіпсіздік министрлігі арнайы шұғыл жоспар әзірледі және оны іске асырды», — деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

2-3 қараша күндері Сумгаит қаласында (Бакудің солтүстігінде) Абу Джафарды қолға түсіру операциясы кезінде Әзербайжанға әртүрлі шиеленісті аймақтардан келген тағы бірнеше радикалды вакхабиттер мен қарулы топтың белсенді мүшелері тұтқынға алынды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік министрлігі.

Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, топ мүшелерінен көптеген қару-жарақ, Сумгаит қаласының жоспары және басқа құрал-жабдықтар тәркіленген.

Сот шешімімен айыпталушы ретінде топтың 15 мүшесі қамауға алынған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті