Әзербайжанда Баку айлағы арқылы құны 1 млрд доллар тұратын көпір салуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда Баку айлағы арқылы құны 1 млрд доллар тұратын көпір салуды жоспарлап отыр

Әзербайжанда Баку айлағы арқылы құны 1 млрд доллар тұратын көпір салуды жоспарлап отыр

Баку. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанның көлік министрлігі Баку айлағы арқылы құны 1 млрд АҚШ долларына тең жаңа көпір салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы кеше Әзербайжан Республикасының көлік министрінің орынбасары Мұса Панахов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Қараша 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «қазіргі уақытта кореялық Dong Sang Engineering компаниясымен бірлесе отырып Баку айлағы арқылы «Баил» және «Зых» ауылдарының арасын жалғайтын көпірдің жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр».

«Бұл өте қызықты жоба. Жартылай вантты, жартылай тіреулерге сүйенетін көпір сыйымдылығы 40 мың тоннаға дейін жететін кемелерді өткізуге қауқары жетеді», — деп түсіндірді М. Панахов.

«Кореялық компания бізге көпір салудың 3 нұсқасын ұсынып отыр. Желтоқсан айының ортасына қарай біз ең оңтайлы нұсқаны таңдамақпыз», — деп сөзін жалғастырды министр орынбасары.

М. Панаховтың хабарлағандай, «жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін Көлік министрлігі Кореяның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің грантын тартуды жоспарлап отыр. Олармен тиісті келіссөздер жүргізілуде».

Көпірді жобалау және салу жұмыстары 6 жылды қамтиды. Ал ол 2013 жылға дейін дайын болу үшін құрылысты келер жылдың аяғына дейін бастап кету жоспарланып отыр.

Корея тарапы көпірді пайдалану құқығын 25-30 жылға алмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті