Әзербайжанда Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын тарта бастаудың 1 жылдығына арналған шаралар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын тарта бастаудың 1 жылдығына арналған  шаралар өтеді

Әзербайжанда Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын тарта бастаудың 1 жылдығына арналған шаралар өтеді

Бүгін, 18-қыркүйекте Әзербайжанның Сангачал мұнай терминалында Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырын тарта бастаудың 1 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтеді,- деп хабарлайды Media-Press .

  • 18 Қыркүйек 2003
  • 360
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараға Әзербайжан премьер-министрі Ильхам Әлиев пен басқа да үкімет мүшелері, шетелдік мұнай компаниялары мен елшіліктердің, Баку-Жейхан жобасына қатысушы елдердің өкілдері қатысады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың 18-қыркүйегінде Сангачал мұнай терминалында Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры құрылысының іргетасы қаланған болатын.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Әзербайжан мұнайын Түркияның Жейхан айлағынан экспорттай бастау 2005-жылдың 2-тоқсанына белгіленген.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.

Соңғы жаңалықтар