Ә. Аббасовтың айтуынша, «Әрбір 100 жанұяға — 100 телефон» жобасы елдегі телефон желісімен қамтамасыз етілу деңгейін 2-3 есеге дейін арттыруды және заманауи технологияларды пайдалана отырып телефон қызметін көрсетуді ұсынады.
«Біз ағымдағы жылы осы жобаны жүзеге асыруға кірістік. Оның жалпы құны 150 — 200 млн манат ($240,6 млн, $1 = 0,831 манат) болады деп бағаланып отыр. Жобаға салынған инвестиция 5 жылда ақталады. Қызмет аясы кеңейеді. Мәселен, бір телефон желісінің көмегімен абоненттерді Интернетке қосу, телебағдарламаларды және телефон тілдесулерін көру мүмкіндігі туады», — деді Ә. Аббасов.
Министр қазіргі уақытта ауылдық жерлерде жанұялардың 40 пайызы телефонсыз отырғанын тілге тиек етті.
Оның айтуынша, оның үстіне, 2008 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша Әзербайжанда әрбір 100 адамға 15,07 стационар телефон аппараты тиеді екен. Бұл көрсеткіш Бакуде 33,8 телефон аппараты болса, Әзербайжанның өзге өңірлерінде 9,7 данаға дейін келеді. Ал ауылдық жерлерде әрбір 100 адамға 5,9 телефон аппараты келетін болып шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті