Әзербайжанда жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда жер сілкінісі болды

Әзербайжанда жер сілкінісі болды

4-сәуір, дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша 18 сағат 46 минутта Әзербайжанда жер сілкінісі болды. Құрбан болғандар мен бүлінген ештеңе жоқ. Бұл туралы Бакудегі KZ-today тілшісіне ҰҒА-ның республикалық сейсмологиялық қызметінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 382
Фото - Caravan.kz

Сейсмологтардың ақпаратына сәйкес, Каспий теңізіндегі жер сілкінісі кіндігінде, Баку маңындағы Нардаран ауылынан солтүстікке қарай 25 шақырым жерде жер асты дүмпулерінің күші Рихтер өлшемі бойынша 4 балға жетті. Ал Сумғайытта (Бакуден солтүстікке қарай 32 шақырым жерде) дүмпу қуаты 2,5-3 балл болды.