Азербайжандағы парламент сайлауында биліктегі партия жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азербайжандағы парламент сайлауында биліктегі партия жеңіске жетті

Азербайжандағы парламент сайлауында биліктегі партия жеңіске жетті

Азербайжандағы парламенттік сайлауда алдын ала мәліметтерге қарағанда, сайлаушылардың 55,7 пайызы дауыс берген (2897188 сайлаушы),

  • 2 Қараша 2015
  • 654
Фото - Caravan.kz

ал дауыстың көпшілігін биліктегі  «Ени Азербайджан» партиясы алып, өздерінің жеңісі жайлы мәлімдеді.

Дауыс бергендердің саны туралы ОСК «Сайлау»  ақпараттық орталығының басшысы Руфат Гюльмамедов айтты.

1 қараша күні кешке биліктегі «Ени Азербайджан»  партиясының атқарушы хатшысы А.Ахмедов, алдын ала деректер бойынша партияның басымдықпен жеңіске жеткендігін мәлім етті. Партия парламенттегі 125 орынның кемінде 70-ін алуды көздеп отыр. Мұның үстіне exit-poll  деректері де Ахметовтің айтқандарын растайды.

Еске сала кетсек, Азербайжандағы бір палаталы парламенттке 767 кандидат үміткер. ОСК мәліметтеріне қарағанда, Азербайжандағы сайлауға 40 шетелдік  ұйымның атынан  503 халықаралық байқаушылар келген. ТМД ең көп байқаушылар миссиясына ие -150 адам. Сайлау барысын 66 мыңнан астам жергілікті байқаушылар  қадағалады.