Әзербайжанның стратегиялық валюталық қоры жақында 10 млрд АҚШ долларын құрайды - Әзербайжан Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанның стратегиялық валюталық қоры жақында 10 млрд АҚШ долларын құрайды - Әзербайжан Ұлттық банкі

Әзербайжанның стратегиялық валюталық қоры жақында 10 млрд АҚШ долларын құрайды - Әзербайжан Ұлттық банкі

Баку. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан Ұлттық банкі жақын арада елдің стратегиялық валюталық қорының 10 млрд долларға дейін өсетінін болжап отыр, деп мәлімдеді Каспийлік халықаралық "Банктер және қаржылар" конференциясында банктің басқарма төрағасының орынбасары Руфат Асланлы, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 9 Сәуiр 2008
  • 664
Фото - Caravan.kz

Ол Әзербайжанның стратегиялық валюталық қоры тек соңғы төрт жылда 4,5 есе өскен және 2007 жылы 7 млрд АҚШ долларынан асып жығылған.

«Біз алдағы апталардың бірінде Әзербайжанның валюталық қоры 10 млрд АҚШ долларына жетеді деп болжап отырмыз. Мұндай өсу серпіні 2008 — 2009 жылдары да байқалатын болады», — деді Р. Асланлы.

Әзербайжанның стратегиялық валюталық қоры елдің Ұлттық банкі мен Мемелекеттік мұнай қорының қаражатынан құралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті