Әзербайжанның теңізге құлаған МиГ-29 ұшағының қаңқасы мен екі ұшқыштың мәйіті теңіз түбінен шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанның теңізге құлаған МиГ-29 ұшағының қаңқасы мен екі ұшқыштың мәйіті теңіз түбінен шығарылды

Әзербайжанның теңізге құлаған МиГ-29 ұшағының қаңқасы мен екі ұшқыштың мәйіті теңіз түбінен шығарылды

Баку. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанның теңізге құлаған МиГ-29 ұшағының қаңқасы мен екі ұшқыштың мәйіті теңіз түбінен шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы елдің ANS телеарнасының хабарламасына сілтеме жасап.

  • 25 Ақпан 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

«24 ақпанда Каспий теңізінің түбінен оқу-жаттығу мақсатындағы ұшулар кезінде апатқа ұшыраған Әзербайжан әуе күштерінің МиГ-29 ұшағының қаңқасы мен екі ұшқыштың мәйіттері шығарылды «, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2008 жылдың 29 қаңтарында оқу жаттығуларын орындап жүрген МиГ-29 әскери ұшағы Бакуге жақын жерде теңізге құлап түскен. Ұшақтың апатқа ұшырауына және экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты Әзербайжанның әскери прокуратурасы ұшу техникасының қауіпсіздігі сақталмағандығынан туындаған адамдардың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті