"Әзіл айтып, жырқылдап ән салатын уақыт емес" - Мейрамбек Беспаев әріптестерін сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әзіл айтып, жырқылдап ән салатын уақыт емес" - Мейрамбек Беспаев әріптестерін сынап тастады

"Әзіл айтып, жырқылдап ән салатын уақыт емес" - Мейрамбек Беспаев әріптестерін сынап тастады

Әлемді жаулаған дерт Қазақстанды да айналып өтпеді. Эстрада жұлдыздары "Коронавирус кет, кет, кет" деп әндетіп жаңа челлендж бастаған еді. Әзіл аралас челленджді жалғастыра кеткен жұлдыздарды Мейрамбек Беспаев сынға алды.

  • 16 Наурыз 2020
  • 890
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

" Қадірлі ағайын, ардақты бауырлар! Елімізге келген аты жаман вирустың қаупі өте күшті болып тұр. Біз әлі де мән бермей жүрген сияқтымыз. Өкімет барлық іс-шараны толығымен тоқтатты.

Жекелеген той- томалығымызды да кейінге қалдырғаны дұрыс болды. Қуанышымызды бөлісеміз деп жүріп, қайғыға ұрынып қалмайықшы. Осы сынақтан аман-есен өтіп алудың амал-шартын қарастырғанымыз жөн.

Ағайын-туғанның амандығын ойлайық. Дәл қазір коронавирусты күлкіге айналдырып әзіл айтатын, жырқылдап ән салатын уақыт емес. Айтылып және жазылып жатқан кеңестерге құлақ түрейік.

Мен үшін қазағымның амандығы бәрінен жоғары. Әлемнің алпауыт елдерін жайпап келе жатқан індет шындап кіріссе бізді де аямайды. Құдай бәрімізге қуат беріп жақсы күнде жолығуды жазсын!
" — деп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл челленджді Марат Омаров бастап, одан кейінгі буындар қоштаған еді.