Барлық құтқару қызметінің арнайы құрамы жарылғыш зат қойылған көпқабатты үйді 2 сағат бойы тінтіді. Алаңсыз отырған тұрғындар аяқ асты сыртқа шығарылды. Алайда, ақпарат жалған болып шықты. Көп кешікпей елді текке дүрліктірген 3 азамат ұсталған. Олардың біреуі ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына әзілдеп қоңырау шалыпты. Енді ойнаймын деп от басқан жігіт 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.