Әзірбайжан Ақтауға бой көтеретін логистика орталығы құрылысының бастапқы сатысына 20 млн доллар бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзірбайжан Ақтауға бой көтеретін логистика орталығы құрылысының бастапқы сатысына 20 млн доллар бөледі

Әзірбайжан Ақтауға бой көтеретін логистика орталығы құрылысының бастапқы сатысына 20 млн доллар бөледі

Әзірбайжан Ақтауда өндірістік және логистикалық орталық жобасын жүзеге асырмақ.

  • 30 Маусым 2014
  • 691
Фото - Caravan.kz

Жобаның бастапқы сатысына 20 млн доллар қажет. Бұл туралы осы елдің Экономика және өнеркәсіп министрлігі хабарлады.

«Орталық іске қосылғаннан кейін Қазақстанға өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және басқа да өнімдерді экспорттауға, Қазақстанда шығарылған өнімдерді біздің елге тасымалдауға мүмкіндік туады», — деді Әзірбайжанның Экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мустафаев орталық іргетасын қалау рәсімінде.

Бұл Әзірбайжанның елден тысқары аймаққа салып жатқан тұңғыш логистика орталығы. Ол аумағы 5 мың шаршы метрлік құрғақ қоймадан, 5 мың шаршы метрлік тоңазытқыш пен өзге де инфрақұрылымдардан тұрады.