Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді

Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді

 

  • 12 Тамыз 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz

Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық әуежайға бірінші болып Әзірбайжан көшбасшысы Ильхам Алиевтің ұшағы қонды. Қонақтарды күтіп алушы жоғарғы лауазымды тұлғалар арасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болды. Кейін Иран президенті Хасан Руханидің борты қонды. Хасан Руханиді Қазақстан Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек күтіп алды. Жақын арада Владимир Путин мен Гурбангулы Бердымухамедов келеді деп күтіледі. Қазақстан Президенті Ақтауға 10 тамызда ұшып келді. 12 тамызда Ақтауда Бесінші Каспий саммиті өтеді. Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан басшылары Каспий мәртебесі Конвенциясына қол қойылады.


Соңғы жаңалықтар