Жарияланды: 5500

Әзірбайжандық тележүргізуші тікелей эфирде қуаныштан жылап жіберді (ВИДЕО)

Әзірбайжандық тележүргізуші тікелей эфирде қуаныштан жылап жіберді (ВИДЕО)

Көрші Армениямен соғысып жатқан өз елі туралы ақпарат таратып отырған Әзербайжандық диктордың көңілі босап кетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Блогер Оғыз Доғанның Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұдан бұрын айтқанымыздай Әзербайжан президентінің көмекшісі, Президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің директоры Хикмет Гадижев журналистер үшін брифинг өткізді және осы брифингте хабарланғандай кейбір жерлеріміз сыртқы жаудан азат етілді. Көзайым болсын!
Құрметті көрермендер, дәл қазір алған тағы бір мәлімет жариялайық, Физулидің 4 кенті, Жәбірейілдің болса 2 кенті азат етіліпті.Құтты болсын", - деген телеарнадағы диктор көңілі босап, көзіне жас алды.

Еске салсақ, қазіргі кезде Әзербайжан мен Армения елдері арасында Таулы Қарабах үшін қарулы қақтығыс болып жатыр. Екі елде де соғыс жағдайы енгізілді. Кеше Әзербайжан Арменияның көптеген сарбазының қаза болып, 100 деген адамның жараланғанын айтқан болатын.

Ал Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштерінің 33 танк пен жаяу әскердің соғыс машиналарын, 27 дронын, 4 тікұшағын және 200-ге жуық адамын жоғалтқанын хабарлады.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін