Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

Жапон елінде өткен Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды.

  • 28 Ақпан 2017
  • 395
Фото - Caravan.kz

Алматы халықаралық әуежайында спортшыларды туыстары мен әріптестері күтіп алды. Бүгін шайбалы хоккейден қыздар құрамасы, конкимен жүгірушілер шаңғымен трамплиннен секірушілер келді. Хоккейші қыздар қола жүлде тармплиннен секіруші Сабыржан Муминов пен Константин Соколенко күміс және конкимен жүгіруші Федор Мезенцев қола жүлде қанжығалағанды. Спортшылар байрақты бәсеке туралы ақпараттарымен бөлісті.

— Біз Қытай командасын әркез ұтатынбыз. Бірақ осы жолы ұтылып қалдық. Дегенмен келесі жолы оларды ұтамыз деп ойлаймыз. Алда әлем чемпионаты келе жатыр. Сол командалармен кездесеміз. Осы ойында бәрінен мықты болған Жапония командасы болды, дейді шайбалы хоккейден қыздар құрамасының мүшесі Аида Олжабаева.

— Жарыс өте тартысты болды. Оңтүстік Кореялық спортшылар бірқатар жарыс түрлерінде үздік атанды. Ал шаңғымен трамплиннен секіру кезінде біз басым түстік. Өйткені, ауа райының қолайсыздығына үйреніп қалғанбыз. Жарыс оңай болмады, деді шаңғымен трамплиннен секіруден күміс жүлде иегері Константин Соколенко.


Соңғы жаңалықтар