Азия қор биржаларындағы индекстер өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия қор биржаларындағы индекстер өсті

Азия қор биржаларындағы индекстер өсті

Бүгін Азия қор биржасындағы сауда индекс бағамының өсуімен басталды. Себебі осы аптаның аяғында әлемдегі алпауыт 20 елдің қаржы министрлері мен банк басшылары Шанхайда бас қосуы тиіс. Маңызды жиын Шанхай мен Гонгконг биржасының 1%-ға, Токиодағы Никкей көрсеткішінің 0,6%-ға және Сидней қорының 0,8%-ға көтерілуіне түрткі болды. Сеул, Сингапур және Джакарта қор биржаларында да бағам біршама өскен. Бірақ бұл өзгеріс Жаңа Зеландия мен Тайвань еліндегі биржаға әсер ете қойған жоқ. Ал Шанхайдағы басқосуда 20 елдің өкілдері әлемдік қаржы нарығы мен жаһандық даму мәселелерін талқыға салмақ.

  • 22 Ақпан 2016
  • 418
Фото - Caravan.kz