«Азия -Тынық мұхиты аймағындағы қуатқа деген сұраныстың артуымен қатар мұнай бағасының өсе түсуіне байланысты аймақтағы энергетикалық қауіпсіздік мәселесі жаппай алаңдаушылық тудыруда»,- деді Ким Хак Су. Ол «энергетикалық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі дамуға септігін тигізетін шарттардың бірі екенін» атап көрсетті.
«Осы жылы Азия -Тынық мұхиты аймағында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық зерттеу, дамушы елдердің экономикалық тұрғыда таңқаларлық қарқынмен өсуге қол жеткізгендігін көрсетіп отыр»,- деп атап өтті Ким Хак Су. «Қуатқа деген сұраныс одан әрі де өсе бермек. Энергетикалық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі, әсіресе кедейлірдің оған қол жеткізуі төмен деңгейде дамыған елдер үшін ең бір алаңдаушылық тудыратын мәселе»,- деді ол.
«Даму деңгейі төмен көптеген елдерде халықтың тек аздаған бөлігі ғана заманауи қуат көздеріне қол жеткізе алады. Көбінесе бұл елдер қуатқа деген мұқтаждықтарын дәстүрлі қуат көздері есебінен қанағаттандырады»,- деп қосты Ким Хак Су. Ол аймақтың дамыған және дамып келе жатқан елдерін «теңізге шыға алмайтын даму деңгейі төмен немесе дамушы елдерге көмек көрсетуге дайын екендіктерін растауға» шақырды. «Ауқатты алпауыт бар елдер өз ресурстарын аймақтық қуат нарығына экспорттау жолымен пайда тапса, байлығы шектеулі елдер керісінше қуатпен қамтамасыз ету көздеріне қол жеткізу жағдайын жақсарту арқылы пайдаға кенеле алады»,- деген ұсыныс жасады ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті