«Азия жаңғырығы» фестивалінде 12 елдің әртістері өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Азия жаңғырығы» фестивалінде 12 елдің әртістері өнер көрсетеді

«Азия жаңғырығы» фестивалінде 12 елдің әртістері өнер көрсетеді

«Азия жаңғырығы» фестивалінде 12 елдің әртістері өнер көрсетеді.

  • 3 Шiлде 2018
  • 85
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын Астананың туған күніне орай елордада ондаған түрлі шара ұйымдастырылады, оның ішінде фестивальдер, концерттер мен конкурстар бар. Аталған шаралардың басым бөлігін өткізу игі дәстүрге айналған. Осындай салтанаттардың бірі Орталық Азиядағы жалғыз осындай шара – цирк өнерінің «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалі болып табылады. Үстіміздегі фестиваль шілденің 4-і мен 8-і аралығында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын фестивальге цирк өнерінің ең мықты артистері өздерінің үздік жетістіктерін көпшілік назарына ұсынады.

Астаналық цирк күмбезінің астында екі конкурстық бағдарлама аясында 12 мемлекеттен 60-тан аса артист өнер көрсетеді. Биыл Астанаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия елдерінің цирк өнерінің майталмандары бас қосады.

Цирк индустриясы мен мәдениет қайраткерлерінен құралған халықаралық төрешілер командасы қатысушылардың шеберлігін бағалайды.

Қазылар алқасының төрағасы – «Астаналық цирк» МКҚК бас директоры, ҚР еңбек сіңірген артисі Ерік Жолжақсынов. Бұдан басқа, қазылар алқасының құрамына Украина ұлттық циркінің директоры, КСРО халық артисі Людмила Шевченко (Украина), Беларусь Мемлекеттік циркінің директоры Владимир Шабан (Беларусь), Монте-Карлодағы Халықаралық цирк фестивалінің вице-президенті Урс Пилс (Монте-Карло), «Латино» халықаралық цирк фестивалінің президенті Фабио Монтико (Италия), Велки циркінің бас директоры Джерзи Козиак, Майамидегі Фаербёрдпродакшн компаниясының президенті Петр Дубинский, «Ереван циркінің» көркемдік жетекшісі, бас директоры Сос Иосиф Петросян (Армения), Саха Республикасының «Марфа және Сергей Расторгуевтар атындағы Мемлекеттік циркінің» директоры Сергей Расторгуев (Якутия), Украина Мемлекеттік цирк компаниясының директоры әрі көркемдік жетекшісі Сергей Кабаков (Украина), «Цирк артистерінің ассоциациясы» қоғамдық ұйымының мүшесі-құрылтайшысы Лолита Липинска (Латвия), Түркмендік цирк директоры Иламанов Аннамухаммед (Түркменстан), Қазақ Мемлекеттік циркінің директоры – көркемдік жетекшісі, мәдениеттанушы Бақыт Бөкебаев (Қазақстан) және «Оңтүстік-Цирк» бас директоры Арман Әлиев (Қазақстан) енді.

Мұнымен қоса, құрметті қонақ ретінде фестивальге Венгриядан танымал піл үйретуші Ричард Такас пен Украинадан шоу-бағдарламалардың жетекшісі Виктория Гриценко шақырылды.


Соңғы жаңалықтар