Азияның ең үздік студенттері елордада жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азияның ең үздік студенттері елордада жиналды

Азияның ең үздік студенттері елордада жиналды

Бүгінде ақпарат дәуірінде деректердің құндылығы мұнаймен пара-пар десек қателеспейміз. Әсіресе, қаржы технологиялары (fintech) мен бизнесті басқаруда олардың әлеуеті одан сайын арта түседі. Деректер туралы ғылым Астанада өткен жастар форумында басты тақырыпқа айналды. Одан бөлек төрт күнге созылған шара барысында шетелдік және қазақстандық студенттер экология, блокчейн, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік жайлы ойларын ортаға салды.

  • 2 Қараша 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Азияның беделді университеттерінің студенттері алғаш рет Астанада өткен форумда бас қосты. "Мета-Жібек жолын құру: нақты және виртуалды әлемде азиялық мәдениеттердің интеграциясы" тақырыбында өрбіген жиын барысында 10-ға тарта университет өкілдері тәжірибелері мен білімдерімен алмасты. Олардың қатарында 27 шетелдік делегаттар мен NU студенттері болды.

"Негізгі тақырып — адамзаттың тәуекел етуі қажет межеге жетуі. Қазіргі күні біз даму жолымызда игі жетістіктерге, жағымсыз дүниелерге де қол жеткіздік. Жағымды жағы — біз технологияларды дамытып қана қоймай, денсаулығымызды нығайтып, өмір сүру ұзақтығын арттыра алдық. Ал бұл өз кезегінде өркениетке жетелейді. Жағымсыз тұсы — біз адамзатты көрге сүйрейтін механизмдерді ойлап таптық", — дейді форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген NU президенті Шигео Катсу.

Қазір әлемде болып жатқан жағдай – осының айқын бір көрінісі деген ол болашақ жастардың қолында екенін алға тартты.

"Мәселен, жаһандық жылыну да біздің әрекетіміздің нәтижесі. 2010 және 2020 жылдардың ұрпақтары осы бір мәселелермен бетпе-бет келіп қоймай, оларды шешіп, әлемді жақсы қырына қарай өзгертуге тырысуы қажет. Дегенмен бұл тек барлығы біріксе ғана орындалатын дүние. Сондықтан мен жастар біздің әлеміміздің негізі болатынына кәміл сенемін", — дейді Шигео Катсу.


Бұған қоса шетелдік қонақтар Қазақстанның мәдени мұрасымен танысып, елорданың көрікті жерлеріне саяхат жасап, Бурабайдың әсем табиғатын аралап қайтты.

"Форумның арқасында Қазақстан жайлы көбірек білдім, себебі мен бұған дейін мемлекет туралы мүлдем естімеген едім. NU-да жүріп, біз елдің мәдениетімен танысып, қазақтың дастарханынан дәм татып, халықтың музыкалық өнеріне тәнті болдық. Көп адамдар мені қазақтың қызына ұқсатып жатты. Өз басым азиялық нәсілділерге тән ерекшелік бар екеніне сенемін, оның үстіне біз бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік", — дейді Чулалонгкорн университетінің (Таиланд) студенті Чомча Мария Тимпика.

Айта кетсек, Назарбаев Университеті — Азия университеттері альянсына (AUA) кіретін жалғыз ЖОО. Бүгінде альянстың құрамында 15 университет бар.

Соңғы жаңалықтар